Книга видного казахского ученого-литературоведа, профессора, академика Заки Ахметова посвящена
исследованию поэтических переводов великого казахского поэта Абая произведений
выдаюшегося русского поэта М.Ю.Лермонтова.Значение переводов произведений
Лермонтова в казахской литературе поистине огромно. Они обогатили творчество
Абая и в то же время всю казахскую поэзию новыми идеями и традициями.Переводы
способствовали укреплению иразвитию в казахской литературе реалистических
принципов.
пятница, 9 декабря 2016 г.
Абай
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраhим) Құнанбайұлының екі толық жинағын
баспаға дайындау үстінде бұрынғы басылымдарда айтылып жүрген ескертпелер
ескерілді, жаңадан текстологиялық тексерулер жүргізілді, ғылыми түсініктер
толықтырылып қайтадан жазылды.Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының
бірінші томына ақынның 1855 жылдан 1896 жылға дейінгі өлеңдері мен аудармалары
енгізілді.Екінші томына ақынның 1896 жылдан кейінгі өлеңдері мен аудармалары
және поэмалары, қара сөздері, сондай-ақ «Үкімет билігіндегі сенатқа» атты шығым пікір еніп отыр.
четверг, 8 декабря 2016 г.
среда, 7 декабря 2016 г.
Абай
Ұлы ақын Абайдың асыл мұрасын мезгіл-мезгіл қайтадан жариялау – уақыт талабы, қауым тілегі. Абай сөзін ардақ тұтатын оқырмандарға ақынның шығармалар жинағы жаңадан ұсынылып отыр.Бұл жинақта өлеңдері, поэмалары, аудармалары мен қара сөздері қамтыған.
Абай
шығармаларының біржола орныққан, тұрақты текстін жариялау ісін Мұхтар Әуезов жүзеге
асырған еді.Қолдарыңыздағы кітап сол негізде дайындалды.Тек соңғы басылымдарда
қате басылған,жаңсақ кеткен жекелеген
сөздерге ғылыми дәлелді түзетулер жасалды.
пятница, 13 ноября 2015 г.
Абай энциклопедия
Энциклопедия
қазақтың ұлы ақыны, данышпан перзенті, қазақ жаңа жазба әдебиетінің негізін
салушы Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың (1845-1904) өмірі мен шығармашылық жолына
арналған. Ақынның өскен – өнген ортасы,
бай мұрасы, дүниеге көзқарасы, эстетикасы, поэтикасы , қоғамдық – саяси ой –пікірлері,
тағылымы, дәстүрлері жан – жақты сөз болады.
Абай Құнанбаев. Қара сөздер
Қазақ поэзиясының
шыңы – Абай Құнанбайұлының мұралары халқымыз үшін өлшеусіз биік. Оның
ішінде ақынның моральдық – философиялық,
қоғамдық – саяси әрі сыншылдық – сатиралық көзқарасының тұлғалы жиынтығы болып
есептелетін «Қара сөздерінің» орны орасан зор. «Қара сөздер» - ақынның өз
өмірін күн нұрындай қақ жарып өткен дүниетанымының, оқуы мен білімінің , амал –
әрекетінің , тіршілік – арпалысының ойлы қортындысы. Ондағы ащы өмір шындығы,
қаламгердің даналығы, бүкіл адамзаттық мұраттарға ұмытылысы бұл шығармаларды
әлемдік ұлы туындылар қатарына апарып қосты.
Подписаться на:
Сообщения (Atom)







