Абайда тарихты зерттеген, халық болмысының
өрісіндегі рухани құндылықтарды жан-жақты зерделеген, оны игерудің бағыт
бағдары мен өлшемдерін халыққа кеңінен түсіндірген. Ойшыл ұғымының ерекшелігі
халық пен ұлттық мүдде ұғымын біріктіріп, адамның өз мінін түзеуге және
мінездің түзулігімен халық игілігіне қызмет етуге бағыттайтын тарихи айна болып
қалуында.
Абайдың феноменін, рухани тұлғасын зерделеу үшін,
оның шығармашылық әлеміне алдымен ойшылдың өсиетін ұғыну арқылы ғана енеміз.
Бұл Абай тұлғасын даралап, рухани тереңдігін сақтап тұрған басты қасиет. Абай
философиясы өзінің рухы мен рухани тереңдігін қасиеті арқылы жоймайтын дүние.
«Не нәрсе жайынан жазса да – дейді А. Байтұрсынов, - Абай түбірін,
тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Нәрсенің сырын, қасиетін, біліп
жазған соң, сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың бірімен сын болып,
емтихан болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды» [1.72
б.]. Абайдың оқушысы ұрпақ, адамзат. Түрлі әлеуметтік мәселелер ұрпақ өмірінде
орын алып отыра берсін, оның себебі, түп тамыры ойшыл заманында. Осы себептен
ойшыл ұғымы халыққа сыни білімі жағынан құнды, мағынасымен өз қасиетін сақтап
тұр.


