Қазақ поэзиясының
шыңы – Абай Құнанбайұлының мұралары халқымыз үшін өлшеусіз биік. Оның
ішінде ақынның моральдық – философиялық,
қоғамдық – саяси әрі сыншылдық – сатиралық көзқарасының тұлғалы жиынтығы болып
есептелетін «Қара сөздерінің» орны орасан зор. «Қара сөздер» - ақынның өз
өмірін күн нұрындай қақ жарып өткен дүниетанымының, оқуы мен білімінің , амал –
әрекетінің , тіршілік – арпалысының ойлы қортындысы. Ондағы ащы өмір шындығы,
қаламгердің даналығы, бүкіл адамзаттық мұраттарға ұмытылысы бұл шығармаларды
әлемдік ұлы туындылар қатарына апарып қосты.
Сондықтан да бұл
кітап кең ауқымдағы оқырмандарға – мектеп және колледж мұғалімдеріне, жоғары
оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, ғалымдарға, саясаткерлер мен
мемлекет қайраткерлеріне және ұлы ойшыл ақын Абай мұраларынан терең нәр алғысы
келетін баршамызға арналады.
Комментариев нет:
Отправить комментарий