Адам баласы өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, сол майдандағы кісімен сырлас болады.
***
Адамзат бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ.
***
Аспаса ақыл қайраттан,
Тереңге бармас, үстірттер.
***
Адам баласы жылап туады, кейп өледі.
***
Әуелде жас қартаймақ, туған өлмек.
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із - көрген қызық, артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.
***
Әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар,
Өлшеуінен асса жарамайды.
***
Биік мансап - биік жартас: ерінбей еңбектеп жылан да шығады;
екпіндеп ұшып қыран да шығады.
Комментариев нет:
Отправить комментарий