Өзі өзгеше боламын демектің түбі - мақтан. Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілдікті бітіреді де күншілдік күншілдікті қозғайды.
***
Қулық саймақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі.
***
Өзін өзі өзгешілікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады.
***
Уайымсыз салғырттық, ойыншы, күлкішілдік, қайғыға салыну бұлар - ой кеселі.
Комментариев нет:
Отправить комментарий