Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлантып әр
нені.
Бір себепсіз қайғы
құр
Болса ма екен
пендені?
Қапамын мен,
қапамын,
Қуаныш жоқ көңілде.
Қайғырамын,
жатамын,
Нені іздеймін
өмірде?
Қайтты ма көңіл
бетімнен,
Яки бір қапыл
қалдым ба?
Өткен күнге
өкінбен,
Әм үміт жоқ
алдымда.
Іздегенім тәтті
ұйқы,
Дүниені ұмытып.
Өлімнің суық тым
сыйқы,
Тұрсын өмір
жылытып.
Көз ұйқыда, ой
тыншып,
Дем алып жатсын
көкірек.
Кім таласса, кім
ұрсып,
Көрсем оны – сол керек.
Өзім аулақ бетінен,
Бір орнында оңаша,
Дүние деген не
деген
Қыла жатсам тамаша.
Мансап іздер, мал
қуар,
Бәрі мақтан
іздеген.
Мақтанынан не туар,
Ыза қылып өзгеден?
Комментариев нет:
Отправить комментарий