Қырық – елу қос бір жерден
Қайтқан екен керуендер.
Мал айдап барып әр елден
Сауда қылып жүргендер.
Алтын артқан бір есек
Соларменен келеді.
Ол жай жүрсе, жұрт та жай,
Ол желсе, жұрт желеді.
Тамам қостың байлары
Маңайынан кетпейді.
Қошмет қылып бәрлері
Шомын да жөндеп ерттейді.
Ортаға алып әлгіні
Бәрі бірдей сыйлайды.
Бірі сүйіп құлақтан,
Бірі жүнін сыйпайды.
Сылап – сыйпап, қадірлеп,
Беретұғын жем де артық.
Есек шіркін есіріп,
Болып алды тым
тантық.
Кеш бойы жұрт қасында,
Өзгеменен жұмыс жок.
Атты теуіп, адамды
Тістесе де сөгіс жок.
«Құдай аман сақта, - деп, -
Жарда, суда!» - бата алған.
Еркелетіп ат қойып,
«Жаппарқұл мырза» аталған.
Алтын үсте жүргенде,
Сол қадірмен көп жүрген.
Өз ойында көк есек
Өзгеше тудым деп жүрген.
Алтынды бір күн бай алды,
Есектен жұрт та түңілді.
«Жаппарқұл» аты жоғалды,
Боқ тасуға жегілді.
Қарасаңшы бойыңа,
Ұзын құлақ қалпың ғой.
Жұрт ергені соңыңа –
Үстіңдегі алтын ғой.
Комментариев нет:
Отправить комментарий