Абайдың ақындығына рухани дем беріп, азық болған екінші арна – шығыс мәдинетінің тамаша мұрасы, араб – иран және түрік халықтарының классикалық поэзиясы .
Үшінші арна – орыс мәдениеті , Европа мәдениеті, Қазақ халқы бұл мәдениетті Абайға дейін мүлде білмейтін. Сондықтан да данышпан Абайдың орыс халқының асқан гуманист классиктерінің, ал олар арқылы Европа классиктерінің шексіз бай асыл мұраларын кеңінен пайдалануы және өз халқын бұл мәдениетпен ана тілінде таныстыруы аса зор маңызды жаңалық болды. Осының арқасында Абай өз халқының ұлт мәдениетінің алдағы уақытта еркін гүлденіп, дами беруіне берік негіз қалады, оның болашағына тура жол салып берді.
Ұлттық және бүкіл адамзаттық мәдениеттің үш түрлі мол арнасы данышпан ақынның творчестволық ісіне рухани азық болды. Абайдың бүкіл ой – қиялына, әлеуметтік, ақындық ісіне дем беріп, шапағатты нәр алған арнаның бірі – халықтың өзі жасаған, ауыздан – ауызға тараған, баспа жүзінде сақталып келген қазақтың бағы замандағы халық мәдениетінің бай мұрасы. Абай өзінің ақындық творчествосында өз халқының осындай асыл қазынасын толық пайдаланды, оған жаңа түр енгізіп, жаңа бағыт беріп, осының арқасында өз поэзиясын байытып, дамыта түсті.
М.Әуезов.
Комментариев нет:
Отправить комментарий