Абайдың қара сөздері

Бірінші қара сөз
  1. Бірінші қара сөз
  2. Екінші қара сөз
  3. Үшінші қара сөз
  4. Төртінші қара сөз
  5. Бесінші қара сөз
  6. Алтыншы қара сөз
  7. Жетінші қара сөз
  8. Сегізінші қара сөз
  9. Тоғызыншы қара сөз
  10. Оныншы қара сөз
  11. Он бірінші қара сөз
  12. Он екінші қара сөз
  13. Он үшінші қара сөз
  14. Он төртінші қара сөз
  15. Он бесінші қара сөз
  16. Он алтыншы қара сөз
  17. Он жетінші қара сөз
  18. Он сегізінші қара сөз
  19. Он тоғызыншы қара сөз
  20. Жиырмасыншы қара сөз
  21. Жиырмасыншы бірінші қара сөз
  22. Жиырмасыншы екінші қара сөз
  23. Жиырмасыншы үшінші қара сөз
  24. Жиырмасыншы төртінші қара сөз
  25. Жиырмасыншы бесінші қара сөз
  26. Жиырмасыншы алтыншы қара сөз
  27. Жиырмасыншы жетінші қара сөз
  28. Жиырмасыншы сегізінші қара сөз
  29. Жиырмасыншы тоғызыншы қара сөз
  30. Отызыншы қара сөз
  31. Отызыншы бірінші қара сөз
  32. Отызыншы екінші қара сөз
  33. Отызыншы үшінші қара сөз
  34. Отызыншы төртінші қара сөз
  35. Отызыншы бесінші қара сөз
  36. Отызыншы алтыншы қара сөз
  37. Отызыншы жетінші қара сөз
  38. Отызыншы сегізінші қара сөз
  39. Отызыншы тоғызыншы қара сөз
  40. Қырқыншы қара сөз
  41. Қырқыншы бірінші қара сөз
  42. Қырқыншы екінші қара сөз
  43. Қырқыншы үшінші қара сөз
  44. Қырқыншы төртінші қара сөз
  45. Қырқыншы бесінші қара сөз

суббота, 11 июля 2015 г.

А. Байтұрсынов



Қазақтың  бас ақыны Абай Құнанбаев.Онан  асқан бұрынғы – соңғы  заманда қазақ баласында  біз білетін ақын болған жоқ......
   Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамады, орынды, дәмді болуына сыншылык керек.Абайда осы үшеуіде болған. Бұлардың үстіне, Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге  жайғыш болған .Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылды. Абай өлең жақсы болуға керек шарттардың бәрін білген .....

четверг, 9 июля 2015 г.

Ұлы ақынның айтқан нақыл, қанатты сөздері

Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
***
Әр елдің, тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік
пікірлесе алады, аса арсыздана жалынбайды.

пятница, 3 июля 2015 г.

Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей

Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей.
"Бір тойған - шала байлық" деген қазақ,
Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей?

Еңбек жоқ, харекет жоқ қазақ кедей,
Тамақ аңдып қайтеді тентіремей?
Ет пен қымыз сықылды ас жоқ дейді,
Ол немене жоқтықтың әсері емей?

Ауру жүрек ақырын соғады жай

Ауру жүрек ақырын соғады жай,
Шаршап қалған кеудемде тулай алмай.
Кейде ыстық қан басып кетеді оны,
Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай.

Қараңғы саңырау қайғы ойды жеңген,
Еркелік пен достықты ауру көрген.
Ақылы жоқ, ары жоқ шуылдақты
Күнде көріп, тұл бойы жиіркенген.

Ата-анаға көз қуаныш

Ата-анаға көз қуаныш -
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі.

Еркелік кетті,
Ер жетті,
Не бітті?
Оқытарсың молдаға оны,
Үйретерсің әр нені.

Асқа, тойға баратұғын

Асқа, тойға баратұғын,
Жаны асығып, жас жігіт.
Қолға кетті жауға бір күн,
Тірі адамның ісі - үміт.

Қозғады жау батыр ерді,
Жауға сойқан салғалы.
Қалыңдығы қала берді,
Жатыр еді алғалы.

четверг, 2 июля 2015 г.

Абай феномені



Абайда тарихты зерттеген, халық болмысының өрісіндегі рухани құндылықтарды жан-жақты зерделеген, оны игерудің бағыт бағдары мен өлшемдерін халыққа кеңінен түсіндірген. Ойшыл ұғымының ерекшелігі халық пен ұлттық мүдде ұғымын біріктіріп, адамның өз мінін түзеуге және мінездің түзулігімен халық игілігіне қызмет етуге бағыттайтын тарихи айна болып қалуында.
Абайдың феноменін, рухани тұлғасын зерделеу үшін, оның шығармашылық әлеміне алдымен ойшылдың өсиетін ұғыну арқылы ғана енеміз. Бұл Абай тұлғасын даралап, рухани тереңдігін сақтап тұрған басты қасиет. Абай философиясы өзінің рухы мен рухани тереңдігін қасиеті арқылы жоймайтын дүние. «Не нәрсе жайынан жазса да – дейді  А. Байтұрсынов, - Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Нәрсенің сырын, қасиетін, біліп жазған соң, сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың бірімен сын болып, емтихан болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды» [1.72 б.]. Абайдың оқушысы ұрпақ, адамзат. Түрлі әлеуметтік мәселелер ұрпақ өмірінде орын алып отыра берсін, оның себебі, түп тамыры ойшыл заманында. Осы себептен ойшыл ұғымы халыққа сыни білімі жағынан құнды, мағынасымен өз қасиетін сақтап тұр.

Централизованная библиотечная система города Каражал