Абай ескерткіші — Алматы қаласындағы Абай атындағы алаңға орнатылған ескерткіш (1960).Ескерткіштің тұтас биіктігі —
13,7 м.Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры қызыл граниттен қаланған. Тұғырдың
алдыңғы бетіне «Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев (1845—1904)» деп
жазылған.
Мүсінші X. Е. Наурызбаев ақынның өмір белестерінен өтіп, халық қамқоршысы, ел ағасына айналған кезін, толыққан, салиқалы бейнесін жасаған. Ескерткіште басында тақия, иығына өңірі ашық желбегей шапан жамылған Абай сол қолына кітабын қысып ұстаған күйі терең ой үстінде ілгері басып келеді. Сәулетші И. И. Белоцерковский де ескерткіш тұғырын, ақын тұлғасын мазмұн жағынан байыта түсетіндей, Абайдың шыққан биігін символдық тұрғыдан бейнелей алатындай көлбеу өрлеткен.

Комментариев нет:
Отправить комментарий