Өкінішті көп өмір кеткен өтіп,
Өткіздік бірнәрсеге болмай жетік.
Ойшылдың мен де санды бірімін деп,
Талап, ойсыз, мақтанды қалдым кұтіп.
Үлгісіз жұртты ұйретіп, қалдық кейін,
Көп надандар өзіне тартар бейім.
Арылмас әдет болды кұлкішілдік,
Ыржаң-қылжаң ит мінез дегендейін.
Тура тілді кісіні дейміз орыс,
Жиреніп жылмаңдықты демес бұрыс.
Жылпылдақтан айрылып, сенісе алмай,
Адамдықты жоғалтар ақыр бұл іс.
Өткіздік бірнәрсеге болмай жетік.
Ойшылдың мен де санды бірімін деп,
Талап, ойсыз, мақтанды қалдым кұтіп.
Үлгісіз жұртты ұйретіп, қалдық кейін,
Көп надандар өзіне тартар бейім.
Арылмас әдет болды кұлкішілдік,
Ыржаң-қылжаң ит мінез дегендейін.
Тура тілді кісіні дейміз орыс,
Жиреніп жылмаңдықты демес бұрыс.
Жылпылдақтан айрылып, сенісе алмай,
Адамдықты жоғалтар ақыр бұл іс.
Сенімі жоқ серменде сырды бұзды,
Анық таза көрмейміз досымызды,
Қылт етпеге көңілдің кешуі жоқ,
Жұрегінде жатады өкпе сызы.
Анық таза көрмейміз досымызды,
Қылт етпеге көңілдің кешуі жоқ,
Жұрегінде жатады өкпе сызы.
Дос-асықтың болмайды бөтендігі,
Қосылған босаспайды жұрек жігі.
Біздің доспыз, асықпыз дегеніміз —
Жалғандықтан жасалған көңіл жұгі.
Қосылған босаспайды жұрек жігі.
Біздің доспыз, асықпыз дегеніміз —
Жалғандықтан жасалған көңіл жұгі.
Сеніскен досым да жоқ, асығым да,
Ақыры өлең қылдым, жасыдым да.
Көрмеген көп дұние көл көрінді
Кірлемеген көңілдің ашығында.
Ақыры өлең қылдым, жасыдым да.
Көрмеген көп дұние көл көрінді
Кірлемеген көңілдің ашығында.
Құдай берген бұл достық — кәннің бiрi,
Мұңдасқанда қалмайды көңіл кірі.
Қолдан достық жасап ем болар-болмас,
Ит мұрындай наданның жыртты бірі.
Мұңдасқанда қалмайды көңіл кірі.
Қолдан достық жасап ем болар-болмас,
Ит мұрындай наданның жыртты бірі.
Сол досты сая таппай іздейді жан,
Жоқтайды кұңіреніп, қозғалып қан.
Жау жабылса, бұзылмас жан көрмедім
Артық жолдас таппадым татулықтан.
Жоқтайды кұңіреніп, қозғалып қан.
Жау жабылса, бұзылмас жан көрмедім
Артық жолдас таппадым татулықтан.
Комментариев нет:
Отправить комментарий