Кешегі Оспан
Бір бөлек жан,
Үйі - базар, түзі - той.
Ат та мінсе, көнді ғой.
"Ала берден»,
"Келе көрден"
Бір күн басын бұрды ма?
Кетті ќаптап,
Алды сап-сап,
Кетті маќтап, тұрды ма?
Жауға мылтыќ,
Досќа ынтыќ,
Жан асар ма осыдан?
Ќорќпай өтті,
Жанға жетті,
Арман етті досынан.
Ел тамағын,
Жұрт азабын
Жеке тартќан кетті гүл.
Сондай ерді -
"Ала берді"
Табар енді біздің ел!
Өлді Оспан,
Кетті шопан,
Енді кім бар баќ ќонар?
Ұрла-ќарла,
Жұртты шарла,
Ойла, барла - не болар?
Жұрт тынымсыз,
Бәрі ұғымсыз,
Енді оларға сөз де жоќ.
Сырты абыз бар,
Желќабыз бар,
Алты ауыз бар - өзге жоќ.
Комментариев нет:
Отправить комментарий