Сұрғылт
тұман дым бүркіп,
Барқыт бешпент
сулайды.
Жеңіменен көз сүртіп,
Сұрланып жігіт
жылайды.
Әйелмсің, жылама,
Тәуекел қыл құдаға!
Өлең айт,
Үйге қайт!
Атаңды анаң
азғырып,
Тұрғызбаған
бейішке.
Алласы оны
жазғырып,
Әкелді бастап
кейіске.
Әйелде ешбір опа
жоқ,
Бүгін –жалын, ертең
– шоқ.
Белді бу,
Бетті жу!
Комментариев нет:
Отправить комментарий