Тойған есек шөпті оттап маңайдағы
Сонырқап шатқа кетті
қай-қайдағы.
Тентіреп өлкені өрлеп
келе жатып,
Жолықты бір бұлбұлға
тоғайдағы.
Сенбісің ақын бұлбұл,
жаңа көрдім,
Атыңа жұрт мақтаған
құмар едім.
Бір сайрап берсең,
қалқам, өзім естіп,
Рас па екен жұрттың
сөзі, сынар едім.
Өнерге салды бұлбұл
сонда аңыратып,
Шыңғыртып,
шымырлатып, сорғалатып,
Мың түрлі күйге салып
толқынтады,
Маңайда жан біткенді
таңырқатып.
Қой жатыр, қойшы
тыңдап тұрды елбіреп,
Көзіне қып-қызыл боп
жас мөлдіреп.
Жел соқпай, құс
шуламай, бәрі жым-жырт,
Әнге көңіл жіберіп
тұрды елжіреп.
Бұлбұл болды, тосып
тұр есек сөзін,
Есек жерге қаратып екі көзін:
“Іш пыспай-ақ
тыңдарлық бар екенсің,
Әттегене-ай,
білмепсің әтешті өзің!
Екенсің ән салуға
сен-дағы епті,
Сен біраз әтеш әнін
үйрен!”- депті.
Бұл сықылды сыншының
сөзін естіп,
Көз көрмеске бұлбұл
да ұшып кетті.
Демеймін жұрт мақтасын,
Я жақсын, я жақпасын.
Сүйтсе де мұндай
сыншыдан
Құдайым бізді
сақтасын.
Комментариев нет:
Отправить комментарий