Абайдың қара сөздері

Бірінші қара сөз
  1. Бірінші қара сөз
  2. Екінші қара сөз
  3. Үшінші қара сөз
  4. Төртінші қара сөз
  5. Бесінші қара сөз
  6. Алтыншы қара сөз
  7. Жетінші қара сөз
  8. Сегізінші қара сөз
  9. Тоғызыншы қара сөз
  10. Оныншы қара сөз
  11. Он бірінші қара сөз
  12. Он екінші қара сөз
  13. Он үшінші қара сөз
  14. Он төртінші қара сөз
  15. Он бесінші қара сөз
  16. Он алтыншы қара сөз
  17. Он жетінші қара сөз
  18. Он сегізінші қара сөз
  19. Он тоғызыншы қара сөз
  20. Жиырмасыншы қара сөз
  21. Жиырмасыншы бірінші қара сөз
  22. Жиырмасыншы екінші қара сөз
  23. Жиырмасыншы үшінші қара сөз
  24. Жиырмасыншы төртінші қара сөз
  25. Жиырмасыншы бесінші қара сөз
  26. Жиырмасыншы алтыншы қара сөз
  27. Жиырмасыншы жетінші қара сөз
  28. Жиырмасыншы сегізінші қара сөз
  29. Жиырмасыншы тоғызыншы қара сөз
  30. Отызыншы қара сөз
  31. Отызыншы бірінші қара сөз
  32. Отызыншы екінші қара сөз
  33. Отызыншы үшінші қара сөз
  34. Отызыншы төртінші қара сөз
  35. Отызыншы бесінші қара сөз
  36. Отызыншы алтыншы қара сөз
  37. Отызыншы жетінші қара сөз
  38. Отызыншы сегізінші қара сөз
  39. Отызыншы тоғызыншы қара сөз
  40. Қырқыншы қара сөз
  41. Қырқыншы бірінші қара сөз
  42. Қырқыншы екінші қара сөз
  43. Қырқыншы үшінші қара сөз
  44. Қырқыншы төртінші қара сөз
  45. Қырқыншы бесінші қара сөз

среда, 29 июля 2015 г.

Алтын хакім Абайға

Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес!
Сөзіңе құлақ салып, баға бермей,
Қисайып қыңырайды жұртың ниеттес!
Бұртиып, теріс қарап: "Аулақ жүр!" - деп,
Болды ғой жақын туған бәрі кектес.
Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме:
"Қор болды қайран сөзім босқа!" - деме.
Артыңда жас қазақтың баллары мен
Сөзіңді көсем қылып жүрер жеңге!

Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртың ояу болған сайын
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар.
Жүрген жанның артында ізі қалар,
Етікші өлсе, балға мен бізі қалар.
Бір бай өлсе, төрт түлік малы қалар,
Шешен өлсе, артында сөзі қалар!
Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер,
Сай қалғанның көбісі ертең бітер.
Тоқтамас дүниенің дөңгелегі,
Шешеннің айтқан сөзі көпке кетер.

 Мағжан Жұмабайұлы. Алтын хакім Абайға.
Абай журналы №1-92, 2 бет.

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Централизованная библиотечная система города Каражал