Айттым
сәлем, қалам қас,
Саған құрбан
мал мен бас.
Сағынғаннан
сені ойлап,
Келер көзге ыстық жас.
Сенен артық жан тумас,
Туса туар – артылмас.
Бір өзіңнен басқаға
Ынтықтығым айтылмас.
Асыл адам айнымас,
Бір бетінен қайрылмас.
Көрмесем де, көрсем де,
Көңілім сенен айрылмас.
Көзім жатқа қарамас,
Жат та маған жарамас.
Тар төсекте төсіңді
Иіскер ме едім жалаңаш?
Иығымда
сіздің шаш,
Айқаласып
тай-талас,
Ләззат алсақ
болмай ма,
Көз жұмулы,
көңіл мас?
Комментариев нет:
Отправить комментарий