Абайдың қара сөздері

Бірінші қара сөз
  1. Бірінші қара сөз
  2. Екінші қара сөз
  3. Үшінші қара сөз
  4. Төртінші қара сөз
  5. Бесінші қара сөз
  6. Алтыншы қара сөз
  7. Жетінші қара сөз
  8. Сегізінші қара сөз
  9. Тоғызыншы қара сөз
  10. Оныншы қара сөз
  11. Он бірінші қара сөз
  12. Он екінші қара сөз
  13. Он үшінші қара сөз
  14. Он төртінші қара сөз
  15. Он бесінші қара сөз
  16. Он алтыншы қара сөз
  17. Он жетінші қара сөз
  18. Он сегізінші қара сөз
  19. Он тоғызыншы қара сөз
  20. Жиырмасыншы қара сөз
  21. Жиырмасыншы бірінші қара сөз
  22. Жиырмасыншы екінші қара сөз
  23. Жиырмасыншы үшінші қара сөз
  24. Жиырмасыншы төртінші қара сөз
  25. Жиырмасыншы бесінші қара сөз
  26. Жиырмасыншы алтыншы қара сөз
  27. Жиырмасыншы жетінші қара сөз
  28. Жиырмасыншы сегізінші қара сөз
  29. Жиырмасыншы тоғызыншы қара сөз
  30. Отызыншы қара сөз
  31. Отызыншы бірінші қара сөз
  32. Отызыншы екінші қара сөз
  33. Отызыншы үшінші қара сөз
  34. Отызыншы төртінші қара сөз
  35. Отызыншы бесінші қара сөз
  36. Отызыншы алтыншы қара сөз
  37. Отызыншы жетінші қара сөз
  38. Отызыншы сегізінші қара сөз
  39. Отызыншы тоғызыншы қара сөз
  40. Қырқыншы қара сөз
  41. Қырқыншы бірінші қара сөз
  42. Қырқыншы екінші қара сөз
  43. Қырқыншы үшінші қара сөз
  44. Қырқыншы төртінші қара сөз
  45. Қырқыншы бесінші қара сөз

среда, 27 мая 2015 г.

Қоғамдық қызметі.

 Ақындық өнерді өзіне өмірлік мақсат етіп, өз өлеңдерін қағаз бетіне түсіруге Абай тек 80-жылдардың ортасында жұмыла кірісті. Ақынның «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Сегіз аяқ», «Ғылым таппай мақтанба», «Болыс болдым мінеки» секілді таңдаулы көркемдік туындыларының қай-қайсысын алсақ та оларға идеялық арқау болатын келелі мәселелер – білімге, адал еңбекке, әділеттелікке шақыру, надандықты артта қалу кесапатын айыптау, алауыздық пен керіс-тартысты, өкімет билігін теріс пайдалануды әшкерелеу екені бірден байқалады. Халықтың ауыр тағдырын, өмір-тұрмысын ерекше шеберлікпен, нанымды көрсете отырып, Абай халықты қоғамдық асыл мұраттарға жетуге ынталандырады.

19 ғасырда өмір сүрген данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлы шығармаларынан дүниеге көзқарас, болмыс, табиғат құбылыстарының сыры, оның үнемі өзгерісте болатынын, мұның өзі дамудың табиғи заңдылықтары екендігін оқып, үйренуге болады.
Ұлы ақынның өмірінің соңында жазылған 45 қарасөзі мен өлеңдерінің біршамасында қоғамдық ой-пікірлері ашық та айқын жазылған.
Абайдың адам мен қоғам жайындағы концепциясы – қазақ топырағындағы жаңа концепция. Абай адамды белгілі қоғамдық өмірдің жемісі, нәтижесі ретінде қарады, оның қимыл-әрекетін, психологиясын, моральдық келбетін өмірге, әлеуметтік тұрмысқа байланысты көріп, бағалап бейнеледі. Мысалы, Абай өлеңдерінде неше түрлі болыс-байлардың әлеуметтік тұлға дәрежесіне көтерілген, жинақталған бейнесін бүкіл іші-сыртымен көз алдымызға келтіреміз. Абай адам бейнесін қоғамдық орнына, мүддесіне, сол мүддеге жету жолындағы ішкі сезімі мен айла-тәсіліне байланысты жасады. Ол өз заманындағы сан түрлі әлеуметтік топтардың барлығын да осы тұрғыдан терең зерттеп көре де, бейнелей де білді.
Ақынды қайғыға салған өз басының қамы емес, айналадағы өмірдің ащы шындығы, кем-кетігі, қайшылықтары екендігі еш талассыз. Тағы бір назар аударарлық нәрсе - өмірдің тұрлаусыз екендігі, баянсыздығы жайлы тұжырым мен ақылды адамның мінез-әрекетін, надан, ақылсыз кісінің әдетін айту, немесе ел билеудің қиындығы жайлы тұжырым мен ақылды адамның мінез-әрекетін, надан, ақылсыз кісінің әдетін айту, немесе ел билеудің қиындығы жайлы пікір – осыларды өз алдына бөлек алып қарағанда, өз ара байланысы аз болып көрінуі де ықтимал сияқты.
Ақынның қоғам туралы ой-пікірлері бүгінгі өмірмен де тікелей байланысты.

«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде:
Керек іс бозбалаға – талаптылық,
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан көйлеп,
Сыртқа пысық келеді, көзге сынық.
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз
Күншіліксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз, - деген ақынның философиялық ой-толғамы бүгінмен ұштасып жатыр.

Ақынның өзі өмір сүрген ортаны, тағдырдың талқысына түсіп, шырқы бұзылған халықтың, , ел-жұрттың бейнесін асқан көркемдік шеберлікпен суреттейтінін «қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңнен айқын көреміз.
Қажет деген жерінде ақын сөз тигізетін адамдар тобын саралап, бөліп айтады. Мысалы, «ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді» дегені өңкей қырт, мылжың адамдарға қатысты болса, «бас-басына би болған өңкей қиқым» дегені елдің сиқын бұзып жүрген, қолындағы күші азайған, ұлыққа, мансабы жоғары чиновникке бағынышты болыстарға қатысты.
Абай халық туралы сөйлегенде, ел жайын қозғағанда кейде «қазақ», «халық», «ел», «жұрт» деген сөздерді қолданады. Бірақ есте тұратын нәрсе – осы сөздердің нақтылы мағынасы ылғи бірдей болмай, айтылатын ойдың орайына қарай әр түрлі келеді. Елдің елдігін танытатын үлкен ұғым ретінде «халық», «қазақ» дегенді көбірек айтса, «ел», әсіресе «жұрт» деген сөзді телісі бар, тентегі, аласы бар, құласы бар дегендей көпшілік деген мағы нада жиі қолданады. Сөйтіп, «ел», «жұрт» деген ұғымдар арқылы сыншы ақын қоғам өміріндегі әр түрлі қарама-қайшылықтарды ашып көрсетуге ұмтылады.
Абайдың ақындық өмірінде әлеуметтік мәселелерге арнап көбірек өлең-жыр жазған кездері: 1885 – 1890 жылдар арасы, оның ішінде, әсіресе 1886, 1889 жылдары ол аса күрделі еңбек жасады. Осы екі жыл ішінде жазған 40 шақты өлең-жырларының бірен-сараны болмаса, басым көпшілігі жұртшылық жайынан, әлеуметтік саяси хал-жағдайлар жайларынан жазылған.
Ақынның қоғам туралы ой-пікірі білім-ғылыммен ұштасып жатады. Білімге арнаған өлеңдерімен қатар 32–ші қарасөзінде білім-ғылымның талаппен табылатынын, ал талаптың 6 шарты бар екенін айтады.

1. Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді

2. Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйрену

3. Ақиқатқа көзің жетсе, өлсе айырылмау

4. Білім, ғылымды көбейту үшін мұлахаза (ойлау, пікірлесу)

5. Салғырттық құдайдың, халықтың, дәулеттің, ғибраттың, ақыл, ардың дұшпаны

6. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауат бар. Сол мінездің бұзылмауын айтады.

Ақын өз кезеңіндегі әлеуметтік қайшылықтар, теңсіздіктерді көре білді. Сонымен қатар, өмірдегі барлық өзгерістер адам өміріне тығыз байланысты екенін айтады әрі адам мен қоғам іштей сабақтастықта болып, бірінсіз-бірі күн көре алмайтынын дәлелдейді.
Ақынның өз заманымен, қоғам өмірімен қатынас-байланысы, жалпы дүние-болмыстан алатын әсерлері сан алуан, оны бірнеше нақтылы жай-жағдайлармен шектеуге, бір жақты тар көлемде түсінуге болмайды. Басты мәселе Абай халықтың түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін қаншалықты терең ұғынып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен айтып жеткізе алатын алғандығында. Ақын үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып, жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс – міне осылардың түйісіп келуі шарт.
Бүгін біз Абайдың қазақ болмысын терең бойлай түсінуіне жол ашқан осы ел басқару ісіндегі болыстық және билік қызметі болғандығы жөнінде сенімді айта аламыз. Абай отаршыл билік жүйесі мен халықтың ара қатынасын сырттай бақылау арқылы емес, басқарушы билікке тікелей араласа жүріп көзімен көрді, сыншыл ой елегінен өткізіп таныды. Сондықтан да Абай сияқты ұлы талант иесінің мемлекеттік басқару ісіне араласуы ұлттық қоғамдық ойдың жаңа сапаға көтерілуіне негіз болғандығын мойындауымыз қажет.
Абай сол тарихи мезгілдегі патшалық сайлау жүйесінің қазақ қоғамы үшін аса зиянды індетке айналғандығын, қазақ халқын «бұзықшылыққа тартып, жылдан жылға төмендеп бара жатқанын» көріп, одан құтылмай ел ісінің оңбайтындығын терең ұғынды.
Басқаша айтқанда Абай отаршыл биліктің бұрыннан келе жатқан ұлттық мінез, болмыстағы кемшіліктерді тереңдетіп жібергенін көзімен көріп, бұл процесті жанымен сезінген ойлы тұлға. Ақынның қара сөздерінде бұл дағдарыстық құбылыстың нақты көрінісі берілген. Ұлы ақын оны жеке тұлғаға, әлеуметтік топтарға байланысты береді.
Он төртінші сөзінде ол: «тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар жүрек ісі … Жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі – бәлеге, жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі ?» – деген негізді тұжырымға келеді.
Абай талдауынан өтпеген, Абай сынына ілінбеген, қазақ қоғамында әлеуметтік топ жоқ десе де болады.
Жиырма екінші сөзінде ол: «Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлейді деп ойладым. Байды қадірлейін десең бай жоқ. Бай болса да, өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па еді? Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ… Мырзаларды қадірлейді десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреуі бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр. .. Болыс пен биді құрметтейін десең, құдай берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ…
Қазақ қоғамының әлеуметтік дертін байқап-тануда және оларды сынға алуда 20 ғасыр басындағы қазақ саясаткерлері, ойшылдары мен жазушылары Абайдан үлгі алды, өздерін ұлы ақынның шәкірті санады.

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың – деген Абайдың сын мектебі Әлихан, Ахмет, Міржақыптарға қазақ қоғамын терең түсіну үшін ғана емес, ең алдымен оны түбегейлі өзгерту үшін керек болатын.
Архив құжаттарының көрсетуіне қарағанда Абай саналы өмірінің «18 жылын ел басқару ісіне арнап, оның 12 жылында болыс, 6 жылында би болып, ғұмырын әр қилы айтыс-тартысқа толы оқиғалар толқынында өткізеді».

Комментариев нет:

Отправить комментарий

Централизованная библиотечная система города Каражал