Абайдың қара сөздері

Бірінші қара сөз
  1. Бірінші қара сөз
  2. Екінші қара сөз
  3. Үшінші қара сөз
  4. Төртінші қара сөз
  5. Бесінші қара сөз
  6. Алтыншы қара сөз
  7. Жетінші қара сөз
  8. Сегізінші қара сөз
  9. Тоғызыншы қара сөз
  10. Оныншы қара сөз
  11. Он бірінші қара сөз
  12. Он екінші қара сөз
  13. Он үшінші қара сөз
  14. Он төртінші қара сөз
  15. Он бесінші қара сөз
  16. Он алтыншы қара сөз
  17. Он жетінші қара сөз
  18. Он сегізінші қара сөз
  19. Он тоғызыншы қара сөз
  20. Жиырмасыншы қара сөз
  21. Жиырмасыншы бірінші қара сөз
  22. Жиырмасыншы екінші қара сөз
  23. Жиырмасыншы үшінші қара сөз
  24. Жиырмасыншы төртінші қара сөз
  25. Жиырмасыншы бесінші қара сөз
  26. Жиырмасыншы алтыншы қара сөз
  27. Жиырмасыншы жетінші қара сөз
  28. Жиырмасыншы сегізінші қара сөз
  29. Жиырмасыншы тоғызыншы қара сөз
  30. Отызыншы қара сөз
  31. Отызыншы бірінші қара сөз
  32. Отызыншы екінші қара сөз
  33. Отызыншы үшінші қара сөз
  34. Отызыншы төртінші қара сөз
  35. Отызыншы бесінші қара сөз
  36. Отызыншы алтыншы қара сөз
  37. Отызыншы жетінші қара сөз
  38. Отызыншы сегізінші қара сөз
  39. Отызыншы тоғызыншы қара сөз
  40. Қырқыншы қара сөз
  41. Қырқыншы бірінші қара сөз
  42. Қырқыншы екінші қара сөз
  43. Қырқыншы үшінші қара сөз
  44. Қырқыншы төртінші қара сөз
  45. Қырқыншы бесінші қара сөз

вторник, 26 мая 2015 г.

Абай және кітапхана.

          Семей қаласы ежелден мәдени, рухани орталықтардың бірі. Қасиетті Семей жері қазақ халқының маңдайына Абай, Мұхтар, Шәкәрім сияқты ұлы адамдарды өмірге әкелген мекен.
 Семей жерінде алғаш ашылған кітапхананың өмірге келуі, қалыптасып дамуы үшін үлкен үлес қосқан, осы кітапхананың ашылуын ұйымдастырған сол кездегі саяси жер аударылғандар Абайдың досы Е.А.Михаэлис, Лобановский, Долгополов, Филиповтар болды.
          Е. А. Михаэлис бастаған саяси жер аударылғандардың күшімен кітапхана 1883 жылы күзде ресми түрде облыстық санақ комитеті үйінде ашылды. Барлық деректерге сүйене отырып кітапхананың алғаш ашылу сәтінде 130 оқырман, 274 дана кітап қоры болғаны белгілі болды.
 Кітапхана 1893 жылы бастауыш білім беру қоғамның қамқорлығына берілді. Осы кезден бастап кітапхананың жағдайы жақсарып, кітап қоры толықтырыла бастады. Ал 1902 жылы Семейде ақысыз оқу үйі қоғамдық кітапханамен біріктіріледі. Міне осы уақыттан бастап Н.В. Гоголь атындағы кітапхана қоғамдық кітапхана болып аталатын болды.
 1902 жылдан 1911 жылға дейін кітапхана жұмысын басқарған, өлке мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқан кітапхананың алғашқы кітапханашыларының бірі Н. Я. Коншин болды. Осы Семей қаласында жүрген кезінде Н. Я. Коншин Батыс Сібір Географиялық қоғамының мүшесі бола жүріп, Семей қаласының тарихын, археологиясын, этнографиясын, табиғат байлықтарын зеттеуде көп еңбек сіңірді.
 Саяси жер аударылғандардың алға басуына кітап қорының толықтырылып отыруы үлкен ықпал жасады. Кітапханаға ақысыз берілген кітаптардың ішінде шетел философтарының аудармалары, шетел және орыс классиктерінің ең таңдаулы шығармаларының болуы кездейсоқ емес еді.

          Абай есімі кітапхананың алғаш ашылып, қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты. Себебі тура сол кездерде кітапхананың ең алғашқы оқырмандарының бірі Абай болатын. Кітапханаға келіп жүріп Абай Е. Михаэлиспен кездеседі. Осындай күтпеген кездесуден туған таныстық тамырын тереңге тартып, мақсат мүддесі ортақ армандары бір екі адамды іштей табыстырып, құшақтары жазылмастай берік достыққа алып келді. Михаэлиспен кездесу Абайдың дүниеге көзқарасын шыңдай түседі. «Менің көзімді дүниеге ашқан Михаэлис» - деп Абай оны ерекше құрметтеген. Ол кітапхана ісіне ат салыса жүріп, өзі де кітаптар алып білімін көтерген. Бұл туралы Ә. Жиреншин 1961 жылы шыққан ақынның бір томдық толық жинағына жазған алғы сөзінде былай дейді: «1886 жылы орыстың Батыс Сібіріндегі географиялық қоғамының Семейдегі бір бөлімшесіне досы Михаэлистің ұсынуымен Абай мүше болып сайланды. Қоғамның ғылым қайраткерлеріне тарих, этнография, қазақтардың әдет-ғұрпы, салт-санасы, әдепкі правосы жөнінде Абай үнемі кеңес беріп, ақылгөйі болады. Мысалы, Абайдың ақылымен Маковецкий қазақтың әдет-ғұрпы, әлеуметтік дағдылы правосын жинап кітап қып жазды». Кемеңгер ақын жер аударылып келген орыс зиялыларынан көп үйреніп, олардың озық ойларынан өнеге алса, бір жағынан соларға елеулі мөлшерде өзі де ықпал еткен. Спенсер, Бокль, Толстой, энциклопедиялық сөздіктер, анықтамаларды оқу барысында, өз халқының ойы мен тілегін ойлай отырып, қайталап тағы оқитын, ойланатын.
 Абайтану ғылымына үлес қосқан ғалым, академик М. Әуезовтың шәкірті Қ. Мұхаметханов «Абайдың қосқан үлесі» атты зерттеу мақаласында Абайдың орыс достарына мынадай сипаттама береді:
 «Халық ағарту ісіне берілген алдыңғы қатарлы мәдениетті адамдардың ынта-жігерінің арқасында 1883 жылы Семей облыстық музейі мен қоғамдық кітапхана ашылды. Бұл мәдени – ағарту мекемелерін ұйымдастыруға негізгі ұйтқы болғандар, атақ-даңқ немесе бас пайдасы үшін емес, халық игілігі үшін қалтқысыз еңбек етуді адамгершілік борышым деп білген адал азаматтар еді. Олар орыстың саяси жер ауып келген интелегенттері Абайдың достары – Е. П. Михаэлис, А. А. Леонтьев, П. Д. Лобановски, С. С. Гросс, Н. И. Долгополов т.б.
 Халық қамқоры болған осы зиялылар тобына Абайдың өзі де болып, кітапханамен тығыз қарым-қатынас жасағаны, 1883 жылы ашылған облыстық өлкетану мұражайына Долгополов екеуі елуден астам экспонат тапсырғаны тарихтан мәлім.
 Абайдың өшпес шығармаларының жазылу жылдарына қарап отырсақ, оның аудармалары саяси жер аударушылармен танысқан кезге, Гоголь атындағы кітапхана мұрасын пайдаланған мезгілге дөп келеді. Сөйтіп кітапхана классик ақынның өз бетімен білімін көтеріп, алыңғы қатарлы әдебиет арқылы әлемді танып, көкірек көзін ашуына үлкен септігін тигізген, Абайдың шын мәнінде білім алған мектебіне айналған.
 Қаладағы осы жалғыз кітапхана арқылы Пушкин, Лермонтов, Салтыков-Щедрин, Толстой сияқты әдебиет жұлдыздарының шоқтығы биік туындыларымен танысты. Кейіннен Абай есімі кеңінен тарала бастады, ұлы ақынның есімін алғаш естіген сырт адамдардың бірі-американдық журналист Джордж Кеннан болды. 1885 жылы Сібірді зерттеу, жер аударушылар тұрған мекенді көру мақсатымен Семейге зерттеу, жер аударушылар тұрған мекенді көру мақсатымен Семейге келген прогрессивтік бағыттағы белгілі американ журналисі Д. Кеннан қоғамдық кітапхана өмірімен да танысты. Сол сапардағы алған әсері туралы кейіннен өзінің «Сібір және айдау» атты кітабында былай деп жазды: «Мен Спенсердің, Гекслидің, Дарвиннің шығармаларынан ...Эдгар Понның, Диккенстің, Ж. Эмоштың, Ж. Мак-Дональдтің және басқаларының романдары мен повестерін таңқаларлық сезіммен көрдім. Әсіресе, ғылыми шығармалар және саяси экономия бойынша әдебиеттер көп болды. Кітапты бұлайша іріктеу оны жинаушылар мен пайдаланушылардың жоғары мәдениеттілігі мен талғамын танытады».
 Міне осы бір шағын үзіндіден – ақ сол кездегі ғылымға құштар адамдардың кітапханаға қаншалықты ықыласпен, қамқорлық сезіммен қарағанын аңғаруға болады. Американдық журналист Д. Кеннан Абай туралы естігенде қатты қайран қалады. Себебі оны саяси жер аударылғандар орыс тілін білетін және ағылшын профессорларының еңбегін ойдағыдай зерттеген парасатты да қуатты ақыл – ойдың адамы етіп бейнелейді. Д. Кеннан Абаймен кездескісі көргісі келеді, бірақ кездесе алмайды.

1 комментарий:

  1. Өте керемет блог! Осындай блог ашқандарыңызға рахмет! Көп көмектесті

    ОтветитьУдалить

Централизованная библиотечная система города Каражал